Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жыл басынан бері 1408 адам үйден қызмет алды

Өткен жылдардағы пандемия халыққа қызмет көрсету орталықтарын тың қызметтермен толықтырды.


Жұқпалы індет өршіп тұрған уақытта ХҚКО мамандары зейнет жасындағы кісілер мен мүгедектігі бар жандар, ҰОС ардагерлері көпшілік орынға бармас үшін, үйлеріне барып қызмет көрсетті. Аталған санаттардағы адамдардың вирусты жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ 1414 байланыс орталығы арқылы қызметтерге тапсырыс беру мүмкіндігін іске қосты. Бүгінде бұл қызмет әлі де жалғасып тауып келеді. 
Жыл басынан бері облыс тұрғындарынан үйден қызмет алуға 1408 өтініш түсіп, ХҚКО мамандары тапсырыс берушілердің үйлеріне барып, өтініштерін орындаған. 
Үйден қызмет алуға тапсырыс берген клиенттердің ең көп сұранысына ие болған – Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу қызметі. ХҚО мамандары осы қызметті 688 рет көрсеткен. Сондай-ақ,мүгедектерді техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету үшін мамандар 224 құжатты рәсімдеген. Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжаттарды және жеке куәліктерді беру қызметі бойынша үйден алуға 186 тапсырыс түсіп, барлығы дерлік орындалған. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру бойынша 67 қызмет клиенттердің үйінде көрсетілді. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: