Медиация – делдалдың көмегімен істі сотқа жеткізбестен аз күн ішінде бітімгершілікпен шешудің әдісі.
Медиаторлар жеке немесе заңды тұлғалардың азаматтық, еңбек, отбасылық және өзгеде құқық қатынастарына қатысты мәселелерді қарайды. Осыған байланысты аталған саланың мамандарына арналып З. Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан медиациялық кабинет ашылды.
Арал ауданында өткен жылы медиаторлардың көмегімен 200 ге жуық іс сотқа дейін оң шешімін тапқан. Қазіргі күні ауданда кәсіби түрде медиаторлық қызметпен айналысатын 5 маман бар. Өздеріне арнайы кабинет берілгендігіне риза болған медиаторлар аудан басшысына алғысын білдірді.