Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АЛМАТЫДА ҚАБЫРҒАҒА СҮЙЕНГЕН КӨЛІК ЖҰРТТЫ ТАҢЫРҚАТТЫ (ФОТО)

АЛМАТЫДА ҚАБЫРҒАҒА СҮЙЕНГЕН КӨЛІК ЖҰРТТЫ ТАҢЫРҚАТТЫ (ФОТО)

 

Алматыда Ленин және Клочков көшелері қиылысында жұрт күтпеген көрініске куә болды. Жотаның үстіне салынған тұрғын үй ауласындағы «Ауди» көлігі төменгі аулаға құлап түсті, деп хабарлайды BNews.kz.
Қабырғаға сүйенген көліктің тұрысы әлеуметтік желі қолданушыларын бей-жай қалдырмады. Жүргізушінің көлікті қою шеберлігіне «жоғары» баға беріп жатты.
Темір тұлпардың тізгіні не себепті босап кеткені кейін белгілі болды. «Көлік иесі тежегішті басуды ұмытып кетіп, осының салдарынан ол жоғарғы ауладан төменге сырғып кеткен. Көлікті алу үшін бір сағаттай уақыт кетті»,– деп түсіндірді үйдің басқа бір тұрғыны.

 

АЛМАТЫДА ҚАБЫРҒАҒА СҮЙЕНГЕН КӨЛІК ЖҰРТТЫ ТАҢЫРҚАТТЫ (ФОТО)

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: