Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда қаласында 231 көше жөндеуден өткізілмек

Бүгін бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жеңісбек Файзуллаев баяндады.


Қаламыздың жол-инфрақұрылымын дамыту бағытында 2022 жылы 49 көшеге жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 3,9 шақырым болатын Қойсары батыр көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынды. Ал, биылғы жылы бұл бағыттағы іргелі істер қатары ұлғайып, бюджеттің барлық түрлері мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы 10 млрд. 246 млн. теңгеге 231 көше жөндеуден өткізілмек. Сонымен қатар, 690,0 млн. теңгеге 19 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынады.
- Тұрғындар арасында жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі – көпірлер құрылысы бойынша биыл ауқымды жобалар жүзеге асатын болады. Атап айтқанда, Ғ. Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысындағы теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі құрылысына 320,6 млн теңге бөлінді. Ал, өткен жылы басталған көпірлер құрылысын аяқтауға, яғни, Қызылжарма каналы арқылы «Бәйтерек» ықшам ауданына көлік пен жаяу жүргіншілерге арналған және Белкөл кентіндегі теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірлерінің құрылысын аяқтауға 476 млн. теңге қаралып отыр, - деді Жеңісбек Исламұлы.
Көркейту-көгалдандыру бағытында өткен жылы қаланы Сырдария өзенінен тәуелсіз аяқ сумен қамтамасыз ету үшін қала және қалаға қарасты ауылдық округтерде 31 дана техникалық аяқ су ұңғымаларын орнату жұмыстары жүргізілді. Техникалық ұңғыманың 11 данасы қалаға, ал қалғаны кент және ауылдық округтерде орнатылды. Бұдан бөлек, Сырдария өзенінің сол жағалауынан тереңдігі 80 м болатын 2 дана техникалық су жинау ұңғымасы пайдалануға берілді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: