Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СОТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

СОТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫҚызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2015 жылдың 12 айында 55 адамға қатысты 48 қылмыстық іс, 353 талап арыз (арыз) және 1149 әкімшілік құқықбұзушылық істері түсті. 
Қылмыстық істер бойынша: Сот өндірісіне 48 қылмыстық іс 55 адамға қатысты түскен (2015 ж 12 айында). Жыл басында 6 қылмыстық іс 6 адамға қатысты қалдықта қалған. Барлық қылмыстық істер сот өндірісіне қабылданып, оның 21 қылмыстық іс 57 адамға қатысты қаралып аяқталды (2015 ж 12 айында). 3 қылмыстық іс қалдыққа қалған.
Қылмыстық істердің 35-сі үкім шығару арқылы аяқталса , 13-і бойынша қаулылар қабылданып,  өндірістен қысқартылған. 37 адам сотталып, 16 адамға қатысты іс өндірістен қысқартылған. 
Сот үкімімен тағайындалған жазаларға тоқталар болсақ, 
-бас бостандығынан айыру жазасы беріліп, шартты түрде сотталғаны– 4 адам (2014 ж-5 ад.),
-бас бостандығынан айыруға – 9 адам (2014-9)
-бас бостандығынан шектеу жазасына – 9 адам (2014 -19 ад),
-тәрбиелік мәні бар шаралар қолданылғаны – 4 адам (2014-6),
-қоғамдық жұмыстарға тартылғаны – 4 адам (2014-11).
мүлкін тәркілеу қосымша жазасы қолданылғаны – 2 адам (2013-4).
Осы кезеңде қылмыстық істер бойынша сотпен барлығы 18 жеке қаулылар қабылданған. 
Есепті кезеңде сот судьялары ауыр санаттағы - 29 адамға қатысты 24 қылмыстық істі, ауырлығы орташа санаттағы – 10 адамға қатысты 8 қылмыстық істі және жеңіл санаттағы – 4 адамға қатысты 4 қылмыстық істі қарап аяқтаған. 
Қылмыс санаттары бойынша:
Жаңа ҚК-ң 106 бабы 2 бөлігімен «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» - 4 іс 4 адам;
Жаңа ҚК-ң 124 бабы 1 бөлігі «жасөспірімге қатысты азғындық әрекет» - 8 іс 8 адам;
Жаңа ҚК-ң 139 бабы «алимент төлеуден жалтару» - 1 іс 1 адам;
Жаңа ҚК-ң 140 бабы 1 бөлігімен 2 бөлігімен «кәмлетке толмаған балаға тәрбие көрсету міндеттерін орындамау» - 11 іс 11 адам;
Жаңа ҚК-нің 188 бабы (1.2.3.4 бөлігімен)  «ұрлық» – 7 іс 10 адам;
Жаңа ҚК-нің 191 бабы (1.2. бөлігімен)  «тонау» – 4 іс 7 адам;
Жаңа ҚК-нің 288 бабы 4.бөлігі  «заңсыз газды қару, суық қару, сондай-ақ маталдан жасалған қару дайындау» – 1 іс 1 адам;
Жаңа ҚК-нің 293 бабы 1,2,3 бөлігі  «бұзақылық» – 7 іс 7 адам;
Ескі ҚК-нің 124 бабы 3 бөлігімен «жасөспірімге азғындық әрекет жасу» – 1 іс 1 адам;
Ескі ҚК-нің 136 бабы 1 бөлігімен «балаға және әркетке қабілетсіз ата-анасына әдейі алимент төлеуден» – 3 іс 3 адам;
Ескі ҚК-нің 181 бабы 1 бөлігімен «қорқытып алу» – 1 іс 1 адам;
Ескі ҚК-нің 257 бабы (3 бөлігімен) «бұзақылық» – 2 іс 3 адам;
Азаматтық істер бойынша: 2015 жылдың 12 айында сотқа 353 талап арыз (арыз) түсті.
Қозғалған 321 азаматтық істің 316 шешім шығару арқылы аяқталған. Талапты қанағаттандыру жайлы 290 азаматтық іс, талапты қанағаттандырудан бас тарту жайлы шешім 26 азаматтық іс қабылданған. 
Талап арыздар (арыздар) санаты бойынша:
-бала асырап алу – 198 (2014-142);
-ата-аналық құқығынан айыру – 66 (2014-33)
-баланың тұрғылықты жерін анықтау – 26 (2014-28)
-девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатына жолдау жайлы – 7  (2014-8)
-баламен кездесу уақытын белгілеу істері – 33 (2014-21)
-өзге неке және отбасы даулары /баланы алып беру ж/е т.б./ – 28 (2014-12)
Азаматтық істер бойынша сотпен 13 жеке ұйғарым қабылданған. 
Әкімшілік құқықбұзушылық істері бойынша: сот өндірісіне 1149 әкімшілік іс түсті.  Оның 1079-ы қаралып, 1044-не әкімшілік айыппұл салынса, 19 іс өндірістен қысқартылған, 18 іс соттылығы бойынша жолданған.
Осы кезеңде сотпен Қызылорда қалалық ІІБ-і тарапынан әкімшілік құқықбұзушылық хаттамаларын толтыру барысында орын алған кемшіліктерге назар аудару жайлы 25 әкімшілік құқықбұзушылық істері бойынша жеке қаулылар шығарылған. 
Істерді медиатордың қатысуымен қарау жайлы:
2015 жылдың 12 айында Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты барлығы 8 қылмыстық істі және 3 азаматтық істі ҚР Медиация туралы Заңының талаптарын қолданып қараған. 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың
істері жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық соттың баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: