Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Танысының денсаулығына ауыр зиян келтірді

Танысының денсаулығына ауыр зиян келтірдіСотталушы М., Жосалы кентіндегі көше бойында келе жатып, танысы Е-ні кездестіріп, бір-бірімен сөйлеседі. Өзі ішімдік ішіп алған еді. Әнгіме барысында танысының қасында тұрған М.-ны балағаттайды.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, одан кейін оң қолының жұдырығымен бетінен оның екі мәрте ұрған. Сол кезде, сотталушы М. жәбірленуші Е.-ның іс-әрекетіне наразы болып, оң қолының жұдырығымен Е.-ге бір мәрте соққы береді. Содан соң да өзінің әрекетін әрі қарай жалғастырып, өзімен бірге алып жүрген, кесіп тесуге арнайы бейімделген тергеумен анықталмаған затты қолына алады. Сосын Е.-ның сол жақ кеуде тұсынан бір мәрте ұрып, оның денсаулығына ауыр зиян келтіріп, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.
Басты сот талқылауында сотталушы М. Өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, істеген әрекетіне өкінетіндігін, жәбірленушімен татуласқанын бас бостандығын өзінде қалдыруды және жеңіл жаза қолдануды сұрады.
Сот сотталушы М.-ны ҚР ҚК-нің 103 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын  шектеу жазасын тағайындады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: