Егістік алқапта үш жылқы сойып алған ұрылар ұсталды
Қызылорда облысы ПД-ның Қазалы ауданының полиция бөліміне Қожабақы ауылының тұрғыны жылқыларының жоғалып кеткені туралы арызданған.Белгісіз біреулер бөтеннің мүлкін жасырын түрде жымқыру мақсатында ауылдың шетіндегі егістік алқаптан 3 бас жылқы малын сол жерде сойып, етін алып оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушіге келтірілген шығынның соммасы 1 млн. 400 мың теңгені құрады.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің атқарылған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті 3 азамат анықталып, ұсталды. Үшеуі де еш жерде жұмыста жоқ, облыс тұрғындары болып шықты. Казіргі таңда күдіктілер Қазалы АПб-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 2-бөлігінің 1-тармақшасы (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасағанмал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
«Полиция департаменті мал ұрлығына және малды еркін жаюдан мал ұрлығына ықпал ететін негізгі себеп-меншік иелерінің бақылауының болмауы және иелеріне: малды жайылымда қараусыз қалдырып, салғырттық танытпауға кеңес береді» -деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.