Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қаруды заңсыз сақтап алып жүргені үшін жазаға тартылды

Қаруды заңсыз сақтап алып жүргені үшін жазаға тартылдыҚармақшы аудандық сотында   Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы Ж.М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Әкімшілік іс құжаттары бойынша Қармақшы ауданы, «Тарғыл» деп аталатын елсіз аймақта Ж.М. есімді азамат өзімен бірге дара ауызды аңшы мылтығын ішкі істер органдарының рұқсатынсыз сақтап, өзімен бірге алып жүрген. Азамат Ж.М. ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабының 1 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Ж.М-ға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482 бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен қаруы тәркілене отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 39 640 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: