Өткен тәулікте облыста коронавирус инфекциясымен тіркелген науқас жоқ. Аталған індеттен 15 науқас айығып, бақылаудан алынған.
Ағымдағы жылдың 23 қарашасында облыс зертханаларға 1089 сынама тапсырылған. Мамандар 659 сынама бойынша жұмысты аяқтап, қалған 430 сынама бойынша тексеріс жүргізуде.
Қазіргі таңда инфекциялық стационарда 12 науқас ем алуда. Облыс бойынша инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде науқас жоқ.