Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Құрылыс заттарын алуға шыққан қызылордалық жігіт хабарсыз кетті

Қызылорда қаласында үйінен құрылыс заттарын алып келуге шыққан жігіт 6 күннен бері хабарсыз кетті.
Қызылордада 24 наурызда 17:00 шамасында Қамбар Құрманәлиев үйінен сауда орталығына құрылыс заттарын алып келуге шыққан. Содан бері үйіне қайта оралған жоқ.
«Ерекше белгілері: бойы: 1,70-1,75 см, толық денелі, шашы қара түсті, аққұба келген,оң жақ бетінде кішкентай меңі бар. Үстіне киген киімдері: қара түсті күздік куртка, қара түсті шалбар, қара түсті кроссовка киген. Қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», - деп жазылған Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: