АРАЛ АУДАНДЫҚ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін Арал ауданындағы құқық қорғау органы саласында кадрлық өзгеріс болды. Арал аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы болып Қосбармақов Әмірхан Мейірханұлы тағайындалды.
Жаңа басшыны тағайындауға облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлы келді. Ал 2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін Арал аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы қызметін атқарған Дәулет Сүлейменұлы Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Аудандағы қылмыстылықты, құқық бұзушылықты тежеу, тосқауыл қою, алдын алу шараларын атқаруда өзінің біліктілігі мен іскерлігін көрсете білген Дәулет Сүлейменұлын аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы «Арал ауданының құрмет грамотасымен» марапаттап, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.