Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДА ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІҚазалы қаласында аудан әкімі Нажмадин Шамұратовтың төрағалығымен жастар кеңесінің көшпелі отырысы өтті. 
Ауданда жастар саясатын жүзеге асыру барысында «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің атқарған атқарған жұмыстары туралы бірлестік төрағасы Ә.Қуаныш хабарлама жасады. Жастар саясатын жүзеге асыру үшін бөлінетін қаржы көлемі жағынан аудандар арасында Қазалының көш бастап тұрғанын айтқан (2016 жылға 10 млн. теңге) Әлібек Нұрланұлы атқарылар жұмыс көлемінің де ауқымды екенін жеткізді. 
Жыл басынан бері жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 288 жастың 245-і тұрақты жұмысқа орналасса, қалғаны әлеуметтік жұмысқа тартылған. Сондай-ақ, кәсіппен айналысуға ниет білдіруші жастарға әр ай сайын аудандық Жастар үйінде мемлекеттік бағдарламалар жөнінде кеңестер беріліп келеді. Биылғы жылы «Жасыл ел» жасағына 100 жасты тарту көзделіп отыр. 
Кеңес барысында Қазалы қаласында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы қала әкімі Р.Ізтілеу баяндама жасады. Қала жастары өз ойларымен бөлісіп, сала басшыларына сауалдарын жолдады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: