Электрошок қаруын ұстап жүру тәртібіне өзгерістер енгізілді
Интернет желісінің жарнамасын талдау Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларының, оның ішінде резидент еместердің де пішіні фонарларға, өртегіштерге, ұялы телефондарға және т.б. заттарға ұқсайтын электршок қаруды еркін сатуы (өткізуі) бөлігінде «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңын бұзғандықтарын көрсетіп отыр.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабаралуынша, заңға сәйкес, электршок қаруы азаматтық және қызметтік қару санатына жатады және тек қана ішкі істер органдарының рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тіркей отырып, қару сататын мамандандырылған дүкендер арқылы сатылуы және сатып алынуы тиіс.
Қаруды (олардың негізгі (құрамдас) бөліктерін) және олардың патрондарын почта жөнелтілімдерімен, оның ішінде халықаралық почта жөнелтілімдері арқылы жөнелтуге тыйым салынады.
Азаматтық және қызметтік қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және әкету экспорттауға, импорттауға берілген лицензияның, сондай-ақ қорытындының (рұқсат беретін құжаттың) негізінде жүзеге асырылады. Қорытынды берілгені үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 482-бабы бірінші бөлігінде Ішкі істер органдарында тіркелмеген қаруды, оқ-дәрiлердi заңсыз сатып алу, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру қаруды тәркілей отырып айлық есептiк көрсеткiштiң 20-дан 40-қа дейiнгi мөлшерiнде әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеліп соғады.
Азаматтық қаруларды өз еркімен тапсырған адам, егер оның әрекеттерінде өзге де құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкімшілік жауаптылықтан босатылады.