Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАЛАҒАШТА АРДАГЕР АТЫНДАҒЫ КӨШЕ АШЫЛДЫ

ЖАЛАҒАШТА АРДАГЕР АТЫНДАҒЫ КӨШЕ АШЫЛДЫЖалағаш ауданының Аламесек ауылдық округінде соғыс және еңбек ардагері Төлеген Бисенбаев атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
Шараға жиналған қауым алдымен ауыл орталығындағы соғыстан қайтпаған боздақтарға арналған ескерткіш маңында қүран бағыштап, гүл шоқтарын қойды. Сонан соң қатысушылар ауыл орталығында көшенің ашылу салтанатына жиналды. 
Көшенің ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Қ.Ысқақов Т.Бисенбаевтың өмірі мен атқарған еңбектері туралы жұртшылыққа таныстыра отырып, ауыл тұрғындарын облыс әкімінің атынан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтады. Шаралардың жалғасы ауылдық мәдениет үйіндегі еске алу кешімен жалғасын тауып, ауыл орталығындағы "Өтеулі қажы" мешітінде асқа ұласты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: