Қармақшы ауданының орталығы – Жосалы елді мекеніндегі шағын ауданның №111 жеке тұрғын үйінде өрт оқиғасы тіркелді. Бұл жайында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті мемлкеттік тіл және ақпараттық тобы хабарлады.
Жаңадан салынған құрылыстағы өрт барысында көрпе-төсек, палас пен 1,5х2 м еден жанған. Өрт 16 сағат 54 минут шамасында оқшауланып, 17 сағат 02 минут шамасында сөндірілген. Өрттің көлемі 3 шаршы метрді құрайды. Өрт салдарынан көмір қышқыл газына улануы себебінен 1-4 жас аралығындағы үш сәби жарық дүниемен қоштасты. Өртті сөндіруге Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің жеке құрамының 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.