ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2021 жылдың 1-жартыжылдығында атқарған қызметі туралы ақпарат
Департаментпен 2021 жылдың 1-жартыжылдығында табиғи монополия субъектілерін реттеу саласында коммуналдық қызметтердің тарифтерін тұрақтандыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.
Тарифтерді тұрақтандыру жұмысы бойынша
Қазіргі кезде Департамент 53 қызмет түрін көрсететін 33 табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттейді.
Одан бөлек, электр энергиясымен және газбен жабдықтау саласындағы 4 қоғамдық маңызы бар нарық субъектілеріне қатысты баға белгілеу функцияларын жүзеге асырады.
2021 жылдың 1-жартыжылдығында сумен жабдықтау, сарқынды суды бұру, жылумен жабдықтау қызметтеріне электр энергиясының бағаларын қоспағанда, тұтынушылар үшін тарифтердің өсуіне жол берілген жоқ, олар қолданыстағы деңгейінде қалды (осылайша тұтынушылардың қаражатын үнемдеу шамамен 2,95 млрд.теңгені құрады, 2020 жылы – 5,76 млрд тенге).
Сонымен бірге, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 табиғи монополия субъектісінің тарифінің қолдану мерзімі аяқталуына байланысты, Департамент қолданыстағы занңаманы басшылыққа ала отырып, тарифтерін төмендетті, атап айтқанда:
- «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жылумен жабдықтау қызметіне тариф тұрғындар үшін 5,6 пайызға;
(1 шаршы метрге қосымша құн салығымен 96,76 теңгеден 91,37 теңгеге дейін, ал есептегіш құралдары бар тұрғындарға 1 Гкал-ға ҚҚС-мен 1989,42 теңгеден 1878,44 теңгеге дейін)
- «Теміржолсу-Қызыл-Орда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сумен жабдықтау қызметіне тариф тұрғындар үшін 8,2 пайызға төмендетілді.
(1 текше метрге қосымша құн салығымен 53,37 теңгеден 48,99 теңгеге дейін)
2021 жылдың 6 айында Департаментке тарифтерді және тарифтік сметаларды бекітуге табиғи монополия субъектілерінен 37 өтінім түсіп, оның ішінде:
22 өтінім бойынша - ұсынылған құжаттардың қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбады;
10 өтінім субъектімен қайта алынды;
5 өтінім бойынша тарифтер мен тарифтік сметалар бекітілді (оның ішінде «СЕАД Логистик» ЖШС-не кірме жолды ұсыну бойынша, «Қызылорда газ тарату жүйесі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына тауарлық газды тасымалдау қызметіне (тарифі 1000 текше метрге ұсынылғаннан 64,8 пайызға төмендетіліп 7446 теңге мөлшерінде бекітілді), «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Арал» құрылысы салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалына сарқынды суды бұру қызметіне (тарифі 1 текше метрге үсынылғаннан 67,3 пайызға төмендетіліп 153,05 теңге мөлшерінде бекітілді), стратегиялық тауардың құны өзгеруіне байланысты «Қызылорда электр тораптары тарату компаниясы» АҚ-на, «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС-не ұзақ мерзімді кезеңге суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне).
ҚР Энергетика министрлігінің бұйрығымен энергия өндіретін станциялардың шекті бағалары 2021 жылғы 1 сәуірден бастап өсуі себептен (Мысалы, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның өндіретін электр энергиясының бағасы 11,30 теңгеден 12,54 теңгеге дейін немесе 11 пайызға, Екібастұз ГРЭС-1 – 7,25 теңгеден 7,47 теңгеге дейін немесе 3 пайызға, Екібастұз ГРЭС-2 – 9,69 теңгеден 10,16 теңгеге дейін немесе 14,9 пайызға, Жамбыл ГРЭС – 11,42 теңгеден 12,02 теңгеге дейін немесе 5,3 пайызға өсті), облысымызда электр энергиясының бағалары ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап 1,9 пайыздан 6,3 пайызға дейін өзгерді. Нақтырақ айтқанда:
«Энергосервис» еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бойынша:
- тұрғындар үшін орташа босату бағасы – ҚҚС-сыз 1 кВт.сағатқа 15,66 теңге немесе қолданыстағы бағамен (14,91 теңге) салыстырғанда 5 пайызға өзгертіліп (немесе қолданыстағы бағамен салыстырғанда 1 кВт.сағатқа қосымша құн салығынсыз 75 тиынға өзгеріспен);
1 деңгей 1 айға 1 адамға 70 кВт.сағатқа дейін – 14,68 теңге,
2 деңгей 1 айға 1 адамға 70 кВт. сағаттан 150 кВт.сағатқа дейін - 18,79 теңге,
3 деңгей 1 айға 1 адамға 150 кВт.сағаттан жоғары - 23,49 теңге;
бюджеттік мекемелер үшін – 30,69 теңге,
басқа тұтынушылар үшін - 17,93 теңге.
«Шиелі Жарығы» ЖШС-ы бойынша:
- тұрғындар үшін орташа босату бағасы – ҚҚС-сыз 1 кВт.сағатқа 16,61 теңге немесе қолданыстағы бағамен (16,03 теңге) салыстырғанда 3,6 пайызға өзгертіліп (немесе қолданыстағы бағамен салыстырғанда 1 кВт.сағатқа ҚҚС-сыз 58 тиынға өзгеріспен);
1 деңгей 1 айға 1 адамға 70 кВт.сағатқа дейін – 16,28 теңге,
2 деңгей 1 айға 1 адамға 70 кВт. сағаттан 150 кВт.сағатқа дейін – 19,93 теңге,
3 деңгей 1 айға 1 адамға 150 кВт.сағаттан жоғары – 24,91 теңге;
бюджеттік мекемелер үшін – 21,66 теңге,
басқа тұтынушылар үшін - 17,56 теңге.
«Дәулетэнерго» ЖШС-ы бойынша:
- тұрғындар үшін орташа босату бағасы - ҚҚС-сыз 1 кВт.сағатқа 17,44 теңге немесе қолданыстағы бағамен (17,11теңге)салыстырғанда 1,9 пайызға өзгертіліп келісілді. (немесе қолданыстағы бағамен салыстырғанда 1 кВт.сағатқа ҚҚС-сыз 33 тиынға өзгеріспен)
1 деңгей 1 айға 1 адамға 70 кВт.сағатқа дейін – 17,08 теңге,
2 деңгей 1 айға 1 адамға 70 кВт. сағаттан 150 кВт.сағатқа дейін – 20,93 теңге,
3 деңгей 1 айға 1 адамға 150 кВт.сағаттан жоғары - 26,16 теңге;
бюджеттік мекемелер үшін – 26,45 теңге,
басқа тұтынушылар үшін - 19,14 теңге.
Жалпы алғанда, 2013 жылдан бері энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың үстемақы мөлшері өзгермей қолданыстағы деңгейде қалды, тек «Даулетэнерго» ЖШС-нің үстемақысы 5%-ға төмендетілді (1 кВт/сағ үшін 0,60 теңгеден 0,57 теңгеге дейін).
Департамент жыл сайын табиғи монополия субъектілердің бекітілген тарифтік сметаларын және инвестициялық бағдарламалардың орындалуы бойынша талдау жүргізеді. Талдау қорытындысымен 27 қызмет бойынша уақытша өтемдік тарифтер бекітіліп, қолданыстағы тарифтер 1,5 пайыздан 99,1 пайызға дейін төмендетілді және тұтынушыларға қайтарылатын қаржы 2,03 млрд.теңгені құрады, оның ішінде реттелетін салалар бойынша:
- электр энергетикасы – 0,083 млрд.теңге;
- жылу энергетикасы – 0,218 млрд. теңге;
- кірме жолдар – 0,007 млрд.теңге;
- сумен жабдықтау және суды бұру – 0,174 млрд.теңге;
- газды тасымалдау – 1,548 млрд.теңге.
Осылайша, мысал ретінде:
1 қыркүйектен бастап тұрғындар үшін уақытша өтемдік тарифтер:
жылумен жабдықтау қызметіне 1 Гкал-ға ҚҚС-мен «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-на 2643,75 теңгеден 2424,58 теңгеге дейін немесе 8,3 пайызға төмендетіліп;
сумен жабдықтау қызметіне «Қазалы су сервис» МКК-ның сумен жабдықтау қызметіне текше метрге ҚҚС-мен 85,33 теңгеден 48,15 теңгеге дейін немесе 43,6 пайызға, суды бұру қызметіне 53,18 теңгеден 25,95 теңгеге дейін немесе 51,2 пайызға төмендетіліп;
кірме жолдар қызметіне 1 вагон/шақырымға ҚҚС-мен «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС-не 2227,56 теңгеден 1296,25 теңгеге немесе 41,8 пайызға төмендетіліп енгізілді.
Жалпы алғанда, 2021 жылғы 1 шілдедегі реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтері 2018 жылмен салыстырғанда төмендегенін көрсетті.
- сумен жабдықтаудың тарифі – 25,8 пайызға;
- сарқынды суды бұрудың тарифі – 20,2 пайызға;
- жылумен жабдықтау тарифі – 16,6 пайызға;
- табиғи газдың бағасы 1,3 пайызға, ал 2021 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 5,9 пайызға.
Тек, электр энергиясының бағасы алдыңда айтылған себептермен 7,9 пайызға өзгерді.
Сонымен бірге, Департамент «Табиғи монополиялар туралы» Заңнама талаптарының орындалуын бақылау шараларын жүзеге асырады.
Осы жылдың 6 айында Департаментпен 8 жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, олардың нәтижелері бойынша және де Заңнама талаптарын бұзғаны үшін - 8 әкімшілік істер қозғалды және жалпы сомасы 8,8 млн. теңгеге айыппұл салынды. Заң бұзушылықтарды жою туралы 10 нұсқамалар шығарылып, негізсіз алынған табысты тұтынушыларға қайтару соммасы – 4,8 млн. теңгені құрады.
2021 жылы қоғамды ақпараттандыру мен Департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тарифтерді бекітуге өтінімдерді қарау кезінде 12 жария тыңдау, субъектілердің бекітілген тарифтік сметаларды және инвестициялық бағдарламаларды орындалуы туралы есептерді тыңдау бойынша тарифтерді белгілеу мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссияның 4 отырысы өткізілді.
Реттелетін коммуналдық қызметтерді ұсынудағы тұтынушылардың проблемалық мәселелерін шешу үшін 7 қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Департаментпен мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмысы қатаң бақылауда. Департаментке 2021 жылдың 6 айында 72 өтініш түсіп, барлығыныңда қарау мерзімдері бұзылмай, қолданыстағы заңдылыққа сәйкес қаралды.
Сонымен қатар, Департамент республика бойынша реттелетін коммуналдық қызметтері тарифтеріне тұрақты түрде талдау жүргізіп отырады. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласынын тарифтері орта шамада деп айтуға болады, мысалы тұрғындар үшін:
электр энергиясының бағасы бойынша – 6 орында, яғни
5 облыс орталықтарынан төмен (ҚҚС-мен 1 кВт.сағатқа Ақтауда – 17,87 теңге, Алматыда – 17,79 теңге, Қостанайда – 17,93 теңге, Талдықорғанда – 16,92 теңге, Көкшетаудада – 16,99 теңге),
ал 11 облыс орталығынан жоғары (ҚҚС-мен 1 кВт.сағатқа Түркістанда – 15,29 теңге, Шымкентте – 15,288 теңге, Оралда – 14,24 теңге, Таразда – 13,69 теңге, Петропавлда – 13,25 теңге, Нұр-Сұлтанда – 12,38 теңге, Өскеменде – 11,76 теңге, Қарағандыда – 11,01 теңге, Павлодарда - 11,10 теңге, Ақтөбеде - 9,87 теңге, Атырауда – 5,61 теңге).
жылумен жабдықтау тарифі бойынша – 16 орында, яғни
11 облыс орталықтарынан төмен болса (ҚҚС-мен 1 шаршы метрге Қостанайда - 161,50 теңге, Атырауда - 155,9 теңге, Оралда - 129,14 теңге, Ақтөбеде - 127,54 теңге, Петропавлда -127,02 теңге, Қарағандыда - 115,85 теңге, Шымкентте - 110,78 теңге, Нұр-Сұлтанда - 102,39 теңге, Талдықорғанда - 95,04 теңге, Таразда - 94,20 теңге, Көкшетауда – 92,65 теңге),
5 облыс орталығынан жоғары (ҚҚС-мен 1 шаршы метрге Алматыда – 90,22 теңге, Павлодарда – 88,41 теңге, Актауда – 78,58 теңге, Өскеменде - 71,15 теңге, Тұркістанда – 60,33 теңге).
салқын судың тарифі, республика бойынша ең төменгісі,
сарқынды суды бұру тарифі бойынша – 11 орында, яғни
10 облыс орталықтарынан төмен болса (ҚҚС-мен 1 текше метрге Қарағандыда – 90,78 теңге, Петропавлда – 74,94 теңге, Көкшетауда – 69,10 теңге, Ақтөбеде – 67,46 теңге, Талдықорғанда – 65,26 теңге, Қостанайда – 61,56 теңге, Актауда – 60,55 теңге, Түркістанда – 57,75 теңге, Өскеменде – 51,24 теңге, Оралда – 50,14 теңге),
6 облыс орталығынан жоғары (ҚҚС-мен 1 текше метрге Нұр-Сұлтанда – 41,52 теңге, Шымкентте – 37,95 теңге, Атырауда – 31,47 теңге, Алматыда – 25,76 теңге, Павлодарда – 22,58 теңге, Таразда – 15,56 теңге),
(сумен жабдықтау мен сарқынды суды бұру қызметтерін қосқанда – 15 орында),
Газға келетін болсақ, республикамыздың 12 өңірі қазіргі кезде табиғи газбен қамтамасыз етілген. Біздің газдың бағасы бойынша 7 орындамыз, яғни
6 өңірден төмен (ҚҚС-мен 1 текше метрге Шымкентте – 31,59 теңге, Түркістанда – 31,58 теңге, Талдықорғанда – 29,36 теңге, Алматыда – 29,36 теңге, Қостанайда – 23,15 теңге, Таразда – 22,81 теңге),
5 өңірден жоғары (ҚҚС-мен 1 текше метрге Оралда – 17,24 теңге, Ақтөбеде – 10,03 теңге, Өскеменде – 10,02 теңге, Ақтауда – 9,96 теңге, Атырауда – 8,14 теңге).
Жалпы алғанда, Департамент әрі қарайда табиғи монополия субъектілері мен қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері тарифтерінің негізсіз өзгеруіне жол бермеу бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады.