Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Басқарма басшысы Арал ауданында болды

Облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов Арал ауданына арнайы барып, бірқатар білім беру ұйымдарын аралады. 


Басқарма басшысы алдымен аудан орталығындағы ғасырдан астам тарихы бар №14 орта мектебінің бастауыш  ғимаратына аялдап, мекеменің жай күйімен танысты. 1910 жылы салынған  киелі қара шаңырақтың күрделі жөндеуде қажет ететіндігіне көз жеткізіп, мәселені назарға алды. Одан соң апатты жағдайда тұрған №220 орта мектебіне барып, түйіткілді мәселенің түйінін тарқату үшін жаңа ғимарат салу жұмыстарын жеделдету керектігін жеткізді. Бұл мәселені де назарға алып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылатындығын айтты. Сондай-ақ “Сартай” балабақшасының жер төлесіндегі топан суды көріп, дереу құбырларды ауыстыру керектігін және жаңа оқу жылына дейін ретке келтіру керектігін жеткізді. 
Артынша №62, №13, №83 және №260 орта білім беру мекемелеріне бұрылып, мектептердің жай күйімен танысты. Сырлау, ақтау жұмыстарын барлап, мектептің жетістіктеріне куә болды. 
Сондай-ақ аудан орталығындағы кешкі мектептің жабылуына байланысты қызметкерлер мен оқушылардың орналасуы туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Жанназароваға заң тұрғысында бірқатар тапсырмалар берді. 
Бұдан кейін Қамбаш елді мекеніндегі үш ауысымдық №21 орта мектебіне барып, бұл мәселені де назарға алды. Артынша Сапақ елді мекенінде орналасқан типтік жобадағы жаңа мектепті қажет ететін №69 орта мектебіне аялдады. 
Сапар соңында басқарма басшысы аудан орталығынан жақында ашылған “Мейірім” жеке-балабақшасына барып, заманауи үлгіде жабдықталған ғимаратқа оң бағасын берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: