Облыста тағы бір тың жобаға түрен түсті. Бұған дейін басылымда жазып өткендей, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Сырдария ауданында жүгері дақылын терең өңдеу зауытының іргетасы қаланған болатын. Жылына 150 мың тонна жүгері дақылын терең өңдейтін кәсіпорын алдағы уақытта 550 адамды жұмысқа қабылдайды. Ал мұндай ауқымды инвестициялық жұмыс Жалағашта да көрініс тапқандай. Ауданда «Харвест Агро Холдинг» компаниясының техникалық қарасора, жүгері және сояны өсіру, қайта өңдеу бойынша агроиндустриялық кластер құрылуда.
![]()
Сәл шегініс жасасақ, былтыр қазан айында Астана қаласында өткен «Kazakhstan Global Investment Round» (KGIR-2025) форумында Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс әкімдігі және «Harvest Agro» компаниясы арасында өңірде агроиндустриялық кластер құру үшін үшжақты негіздемелік келісімге қол қойылған болатын. Аталған жоба Мемлекет басшысының Сыр еліне жұмыс сапары кезінде де жаңа инвестициялық жобалар қатарында таныстырылды.
Осыған орай, былтыр қараша айында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация Швейцарияға арнайы іссапармен барып, «Harvest Group» компаниясының басшысы Алмаз Альсеновпен кездесуде жобаны жүзеге асыру мәселесі пысықталған еді. Нәтижесінде жобаны қолға алуға Жалағаш және Сырдария аудандарынан 22,5 мың жер учаскесі белгіленді. Жоба екі кезеңмен (2026 және 2027 жылдары) жүзеге асырылады.
– Жобаның қуаттылығы жылына 42 мың тонна техникалық қарасора, 70 мың тонна жүгері дәні және 20 мың тонна соя дайындауға жетеді. Сондай-ақ 60 мың тонна шикізат өңдейтін және май сығу зауытын іске қосу жоспарланған. 150 адам жұмыспен қамтылады. Бүгінде швецариялық компанияның Қазақстандағы өкілдігі «АА Агро Кызылорда» ЖШС-ның Жалағаш ауданы әкіміне жазған мемлекеттік меншіктен жер учаскесін алуға деген өтініші де мақұлданған. Былтыр әкімдік қаулысымен 14273 гектар жер телімі табысталды, – дейді аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Нұртас Төлегенов.
Жоба аясында Қаракеткен ауылына қарасты «Қараөзек» каналы бойынан су үнемдеу технологияларын пайдалану, оның ішінде жаңбырлатып суару тәсілін қолданып, барлығы 32 мың гектар жердің 8700 гектары егіске дайындалған.
– Жалпы тегістелген жердің 7700 гектарына жүгері егу жоспарлануда. Жобада жоспарланған 143 дана жаңбырлатып суару құрылғысының 80-і орнатылса, қалғаны егістік басына толықтай жеткізіліп, құрастырылып жатыр. Мұның бәрі отандық өнім, яғни көршілес Түркістан облысында жасалған. Қуаттылығы 50 гектар жерді суаруға жетеді. Бұдан бөлек, егін алқабына орнатылған жаңбырлатып суару құрылғыларына су жеткізу құбыры және электр тоғын тартуға тиісті жұмыс жүруде, – дейді бөлімнің бас маманы.
Қазір жүгері алқабының 10 шақырым жері қоршалған. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 28 шақырымды құрайтын канал қазылуда. Жобаны іске асыруға бірнеше қосалқы мердігер, 300 жұмысшы тартылған. 200-ге жуық техника бар.
– Біздің серіктестік германиялық 4 «CLASS» тракторын, сонымен бірге «TIGER» тұқым себу көпфункционалды техникасы және жүгеріге арналған қатар аралық культиваторлар, өздігінен жүретін дәрі шашқыш техникалар сатып алған. Сондай-ақ биыл жобаның бірінші кезеңі бойынша егінді егу, күтіп-баптауға тұрақты 100 жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр, – дейді «АА Агро Кызылорда» ЖШС директорының орынбасары, бас агроном Ғалымжан Ізтілеуов.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыста егінді әртараптандыру, суды аз қажет ететін дақылдарға көшу және су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ Президент Жолдауында Үкімет пен өңір басшыларына инвестиция тарту және бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша нақты міндет қойғаны белгілі. Осының аясында Сыр өңірінде экономиканы әртараптандыру бағытында бірқатар ірі инвестициялық жоба іске асуда. Мысалы, облыс орталығындағы «Ayna Glass» ЖШС жылына 720 мың шаршы метр айна өндіреді. Өнімдері өзімізден бөлек, Алматы, Шымкент, Тараз, Түркістан, Көкшетау, Ақтау, Жаңаөзен және Қарағанды қаласына жеткізілуде. Кәсіпорында 55 тұрақты жұмыс орны ашылған. Сондай-ақ құны 1 млрд теңге болатын «Вега Пром» ЖШС газоблок өндіру зауыты биыл іске қосылады. Қазір қажетті жабдықтар шетелден жеткізіліп, құрылыс-монтаж жұмыстары қарқын алған. Ал оңтүстіккореялық «With You E&C» компаниясының қатысуымен жүзеге асып жатқан тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кәсіпорны іске қосылса, мұнда сұрыпталған қалдық басқа өндіріске шикізат көзі ретінде пайдаланылмақ. Аталған зауыт пластикалық бұйымдар, қағаз және картон, алюминий өнімдерін өндіретін болады.
Жүгеріні терең өңдеу мүмкіндігі өте кең. Өнеркәсіп саласында бұл дақыл шикізат ретінде пайдаланылып, сірке қышқылы, ацетон, бояғыштар жасау үшін қолданылады. Қалдықтары мал азығы, отын, тыңайтқыш өндіруге, сондай-ақ жасанды жібекке қажет жасұнық, қағаз шығаруға және басқа мақсаттарға жұмсалады. Бұл өнімдерге ішкі және сыртқы нарықтарда сұраныс бар. Соған қарамастан, осы саладағы өнеркәсіптік қуаттар шектеулі. Өндірілетін шикізаттың шамамен 35 пайыздайы ғана Жаркент крахмал-сірне зауытында өңделіп, қалған көлемі шикізат түрінде сатылады. Жүгеріні қайта өңдеу көлемін арттыру үшін «Қорғас» арнайы экономикалық аймағы аумағында жаңа зауыт салу қажет. Бұл кәсіпорынның жүгері дәнінің ең ірі тұтынушысы – Қытайға жақын орналасуы логистика шығындарын азайтады. Жүгеріні терең өңдеуді ұйымдастыру үшін Жетісу облысына зәкірлік инвесторларды тартып, шаруалардың тыңайтқыш пен тұқымға жұмсалатын шығынын және олар алған несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін саланы жеткілікті қаржыландыру керек.
Жүгері өсірумен айналысатын шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсету мәселесі Үкіметтің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында шешімін тапқан. Нақты айтсақ, жүгері тұқымын сатып алу шығындарының бір бөлігін, тыңайтқыш, пестицид, биоагент және биопрепараттар құнын, қаржы институттарының несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, сондай-ақ жүгеріні қайта өңдеуге тапсыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсету көзделген. Бұл ретте қаржыландыру үшін басым дақылдардың тізбесін жергілікті атқарушы органдар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми зерттеу ұйымдарының қорытындысы негізінде дербес айқындайды. Мәселен, биыл күзде қайта өңдеуге тапсырылатын өнімнің 1 тоннасына субсидия нормативі Алматы облысы үшін – 18 мың теңге, Жетісу және Түркістан облыстары үшін – 10 мың теңге, Қызылорда облысы үшін – 16,4 мың теңге, Жамбыл облысы үшін – 20 мың теңге болып белгіленген. Бұдан бөлек, тәулігіне кемінде 170 тонна дәнді дақылды тереңдете өңдейтін кәсіпорындарды салу және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту кезінде инвесторлар шығынының 25 пайызын өтеу қарастырылған.
Жүгеріні Қытайға экспорттауға рұқсат алу жұмысы да жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде ҚХР Бас кеден басқармасының тізіліміне еліміздің жүгері өндіруге маманданған 146 кәсіпорны енгізілген.
Жүгері салыстырмалы қуаңшылыққа төзімді дақыл, бірақ құмай, судан шөбіне, тарыға жол береді. Топырақ ылғалын үнемдеп жұмсайды. 1 келі құрғақ зат түзу үшін 250-300 келі суды қажет етеді, дәннің толуы үшін, дән салмағынан 44 пайыз су керек, бұл басқа арпа немесе сұлы және басқа дақылдарға қарағанда төмен. Будандарды таңдау кезінде қай бағытта пайдаланылатынын қарастыру қажет. Пісу тобы, дән мен өнімнің сапасына, келесі қасиеттерге назар аудару қажет: – піскен кезде ылғалды тез қайтарады; – аурулар мен зиянкестерге төзімді; – ауа – райының ауысуы әсер етпейтін; – жоғары өнімділік пен ерте піскіш; – егістің тығыз өсуіне төзімді; – төменгі температураға төзімді; – қуаңшылык пен суыққа төзімді; – бірлік өнімге минералды тыңайтқыштарды үнемді пайдаланады; – күн сәулесін жақсы пайдаланады; – тамырлық және сабақтық жатып қалуға төзімді.Дәрілеу – фунгицидтер: Витавакс 200 (2,5 – 3,0 л/т), Корриолис (0,2л/т), Максим ХL (1 л/т), Роялфло (2,5- 3,0 л/т).
Жүгері егісі алдында себілетін дақылдар. Жоғары өнім алу мақсатында жүгері дақылдарын, жақсы егіс дақылы орналасқан жерлерге себу абзал. Жүгері үшін сондай жақсы егіс дақылдары, бұл көп жылдық шөптесін өсімдіктер, бидай, бұршақ тұқымдастар (соя, бұршақын, бұршақ).
Егер аймақтың ылғалы жеткіліксіз болса оны қызылша, судан шөбі және күнбағыстан кейін себуге болмайды.
Даму барысында жүгері топырақ қорынан азот – 52%, фосфор – 34%, калий 32%, ал қалғандарын минералдық және органикалық тыңайтқыштардан алады. N40 Р40 К40 беретін болсақ, жүгері дән өнімділігі 46 ц/га жоғарылайды. Дала жағдайында итенсивті технологияны N60-90 Р60 К30-45 мөлшерінде берген жөн. Бұл мөлшерді агрохимиялық картограмма мәліметтері бойынша салыстыру қажет. Минералды тыңайтқыштар негізінен көктемгі өңдеу алдында танапқа шашылып аудара жыртумен бірге беріледі.
Жүгеріні дән физиологиялық пісіп жетілген уақытта, дән ылғалдылығы 35-40 пайыздан аспаған жағдайда жинайды. Сүрлемге арналған жүгеріні сүтті балауызданып піскен уақытта, егістікте 15-20 пайыз, өсімдік сүттеніп піскен кезінде, ал қалғандары балауызданып пісу уақытына өткен жағдайда орады.
Ұсынылған өңдеу жүйесін дұрыс пайдалану және ауыспалы егісті пайдалану. Химиялық күресу шараларына «Байер Кроп Сайенс» компаниясының гербицидтері жатады. Мысалы, МайсТер, Мерлин, Секатор Турбо, сонымен қатар Аденго немесе «Сингента». Топырақ препараты – Дуал Голд, өскін пайда болғаннан кейін берілетін гербицидтер – Милагро, Каллисто, Банвел, Пик, Майстер-Пауэр т.б.
Жүгеріде 20 шақты аурулар кездеседі. Оның ішінде көптеп тарағаны шаңды және түйір қаракүйе, жүгері дәні мен өскіннің көгеруі. Фузариоз, бактериоз және басқа да аурулар жүгерінің продуктивтілігіне қатты зиянын тигізбейді.
Республикамыздың оңтүстік шығысында қыстық және мақта құрты, оңтүстікте жүгері сабақ көбелегі, сонымен қатар сымқұрттар мен жалған сымқұрттар үлкен зиян тигізеді. Жүгерінің тұқымдық шаруашылықтарында, егер кеш себілетін болса жүгері өсімдігінің собықтарының 45-60 пайызын мақта құрты зақымдауы мүмкін. Зиянкестерден орташа шығыны, көп жағдайда орташа ерте пісетін будандардың өнімділігі 12-18 пайызға жетуі мүмкін.
Ауыспалы егістікті пайдалану, көбелектер жұмыртқа салған уақытта қатар аралық қопсыту жұмыстарын жүргізу, өскіндерді метафос, хлорофос және шыбын – шіркейге арналған препараттармен өңдеу.
Сүрлемге арналған жүгерілер: Сүтті балауыз күйінің аяқталу фазасы- дәннің балауыз пісуінің басы (дәннің құрамында сүтті, сүтті-балауыз және балауыз күйінің тең бөліктерінде крахмал заттары болады). Дәннің ылғалдылығы 40-45%, өсімдіктер 65-70%.
Дәнге арналған жүгерілер: Дәннің ылғалдылығы – 35-40% -дан төмен, кесу биіктігі – 10 -12 см-ден аз, ұнтақтау және жапырақты массаның біркелкі таралуы.
Егін жинау мерзімі 5- 7 күн.
Қазақстанның оңтүстік шығыс аймақтарында жүгері дәнінен жоғары өнім алу үшін агротехникалық тәсілдерін анықтап айтуға болады: жүгері өнімін жоғарылату дақылға жатады, бұл процессті адаптивті өңдеу технологияларын пайдалануы мен іске асыруға болады. Ол үшін аймақтың ауа– райына байланысты жүгерінің будандарын таңдау, себу уақытын анықтау; топырақ ылғалын сақтау қажет. Өңдеу технологиясын дұрыс пайдалану үшін жүгері өсімдігінің биологиясын білу, жоғары өнім алудың негізгі жағдайы ол – жүгерінің күтімі кезінде агротехникалық ережелерді бұзбау маңызды.