Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мал басын көбейтуге мән берді

Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінің тұрғыны Мереке Серікқызы жұбайы Ғани екеуі төрт баланы тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Олар балалардың болашағын қамтамасыз ету үшін мал шаруашылығымен айналысуды жоспарлаған еді.
Орайы түсіп, жұмыспен қамту орталығы арқылы аудандағы кәсіпкерлік палатасына бір айлық оқуға қабылданады. Осы уақыт аралығында бірде-бір сабақты жібермей, бизнес тренерлердің үйреткенін бұлжытпай орындады. Соның арқасында мемлекеттің ұсынған көмегін – 505000 теңге қайтарымсыз грантты ұтты. Бұл қаражатқа 17 бас тоқты сатып алған ол мал басын көбейтуді көздеп отыр.
– Қазір еттің бағасы осыдан бес жыл бұрынғымен салыстырғанда біршама қымбаттаған. Бұл көрсеткіш бағамы бұдан әрі көтерілмесе, түсуі неғайбыл. Аталарымыздың күнкөрісі тек мал ұстаумен өткендіктен ет жемей тұра алмайтын халықпыз. Сондықтан төрт түлікке деген сұраныс артпаса, азаймайтыны анық. Сол себепті де қой өсірсең, өнімі көл-көсір болады деген оймен тоқты алуды шештік. Өзімізде азын-аулақ ешкі де бар. Алған тоқтыларымызды ешкілердің жанына сыртқа қосып қойдық. Бала кезде Ғани Қарақұмда әкесіне жылқы бағуға қолғабыс еткен. Таң атқаннан кеш батқанға дейін жал-құйрықтының ізінде жүріп, адал еңбектің берекесін көрген. Алдағы уақытта балаларды да ата кәсіпке баулығымыз келеді, – дейді іскер ана.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: