Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Поволжье тұрғындарына 14 вагон балық жіберген қайраткер ұлықталды

Поволжье тұрғындарына 14 вагон балық жіберген қайраткер ұлықталдыАрал ауданында белгілі қоғам қайраткері Төлеген Медетбаевқа ескерткіш- бюст қойылды. 
Алғашқы еңбек жолын байлардың қарапайым жұмысшысы болудан бастаған Т.Медетбаев 1906 жылы Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жұмысшы шаруа милициясының ерікті отрядын ұйымдастыруға қатысқан болатын. 1921 жылы Арал совдепінің төрағалығына сайланған ағамыз пролетариат көсемі В. Лениннің Балтық жағалауындағы аштықтан ісінген кемпір-шалға, күйзелген еңбеккерлерге, қырылып кетуі мүмкін 7 млн. балаға жомарт көмегін сұраған үндеу хатына 14 вагон балықпен жауап беріп, тұрмысы тұралаған елді аштықтан азат қылған. Аралдың да қала типтес поселке ретінде «Арал қаласы» деп аталуына 1927 жылы байырғы совдеп төрағасы Т. Медетбаевтың қолы қойылған. Төлеген Медетбаевтың тұсында өңірде балық тресімен мемлекеттік параходство жерлеріне ағаш пен қамыстан мемлекеттік зәулім үйлер бой көтерсе, бұрынғы "Маяк"- бүгінгі жыраулар үйі, балықшылардың оқу комбинаты, мектептер мен медициналық кешендер дүниеге келді. Білікті басшының тынымсыз еңбегі арқасында Арал қаласы аз жылдың ішінде жоғарғы қарқынмен дамыды. 
Бюсттің ашылу салтанатына облыстық мәслихат хатшысы Ақмарал Әлназарова, облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев , Т.Медетбаевтың келіні, Әуелбек Медетбаевтың жұбайы Орал Мырзалиева , жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты. Өз кезегінде облыстық мәслихат хатшысы А.Әлназарова, ардагер-тілші Ш.Дәрмағанбетовтер жиналғандарға игі тілектерін жеткізіп, Т.Медетбаевтың келіні О.Мырзалиева игілікті іске ұйытқы болған облыс, аудан әкімдіктеріне алғысын білдіріп, ақ батасын берді. 
Жазиралы жазық даланың сайып қыраны Төлеген Медетбаевтың бюсті орталық алаңға орнатылды. Халқына қызмет етіп,қиын қыстауда елін қорғаған азаматтың бейнесі енді әрбір аралдықтың әрдайым көз алдында, мәңгілік жадында сақталады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: