Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жүк көлігінің кабинасы өртенді

Биылғы жылғы 16 қаңтар күні сағат 9-дан 42  минут өткен шамасында Өрт сөндіру қызметіне  Қызылорда қаласы, Қайнарбаев көшесі №33 мекенжайда жүк автокөлігінің жанып жатқаны жөнінде хабарлама түсті.  


Аталған шақырту бойынша Өрт сөндіру қызметінен 10 қызметкер 2 техникасымен жұмылдырылды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің барлау жұмыстарының нәтижесінде аталған мекенжайда орналасқан   “Асыл Дән”  ЖШС қарасты ауданы 50х25 метр аумақта «Shacman» маркалы жүк автокөлігінің кабинасы толығымен жанып жатқаны анықталды. 
Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекетінің нәтижесінде жүк көлігінің толық өртенуіне жол берілмеді. Жарақат алғандар мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығына анықталуда. Аталмыш өрт сағат 9-дан 55 минут кеткенде  оқшауланып, сағат 9-дан 58 минут өткенде толық сөндірілді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: