Бүгін Қазалы ауданында "Тәуелсіздік тағылымдары және Мәңгілік Ел мұраты" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов арнайы қатысты.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Жалаңтөс Баһадүрге, Бегім ана мен Асандар көтерілісінің құрбандарына арналған конференцияға белгілі ғалымдар, әдебиетшілер мен тарихшылар қатысуда.
Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов жүргізіп отырған конференция барысында Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Х.Әбжанов «Мәңгілік ел» идеясы – Қазақстан жолы мен жасампаздықтың интеллектуалды формуласы» тақырыбында баяндама жасап, елдің даму тарихы мен жетістігін зерделеді.
Ал Бегім ана туралы Қорқыт ата атындағы ҚМУ "Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Б.Кәрібозов, Жалаңтөс батыртуралы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Б.Кәрібаев, Асандар көтерілісінің құрбандары туралы тарих ғылымдарының кандидаты, облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов тың деректер айтты. Конференцияға облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов арнайы қатысты.