Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мия тамырын заңсыз жинаған 7 азамат ұсталды

2015 жылдың 7 айы көлемінде Қызылорда ОІІД Әкімшілік полиция басқармасының табиғатты қорғау полициясы құрылымдарымен экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бағытында біршама жұмыстар атқарылды. 

Мия тамырын заңсыз жинаған 7 азамат ұсталды

 

Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, есепті мерзімде облыс көлемінде табиғатты қорғау заңнамаларын бұзу дерегі  бойынша барлығы - 79 қылмыс фактісі анықталған. Оның ішінде, балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу (ҚР ҚК 335-бабы) дерегі бойынша – 2, заңсыз аңшылық (ҚР ҚК 337-бабы) дерегі бойынша – 17, өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін, құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу (ҚР ҚК 339-бабы) дерегі бойынша – 33, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау (ҚР ҚК 340-бабы) дерегі бойынша – 27 заң бұзушылықтар орын алған. 
Мәселен, ағымдағы жылдың 16 тамызында сағат 15.00 шамасында Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Амангелді аулына қарасты «Кенбай» аумағында мия өсімдігінің тамырын заңсыз жинау дерегін анықтады. Аталған факті бойынша Шиелі ауданының 7 тұрғыны ұсталып, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы, 1-бөлігі, яғни өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін құрып кету қауіпі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлері мен олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер де күдіктілердің қылмысы дәлелденсе, сот шешімімен олар 3000 АЕК (5946000 тг) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: