ЖАҢАҚОРҒАНДА КӨЛІК ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРЫҚТАЛДЫ (ВИДЕО)
Шымкент қаласында тәртіп сақшылары көлік ұрлады деген күдікпен Қызылорда облысының 27 жасар тұрғыны ұстады. Бұл жайында Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті мәлім етті.
Жақын күндері еліміздің ақпарат агенттіктерінде полиция қызметкерлерінің ВАЗ автокөілін қуғанына байланысты видеоматериал жарияланды. Онда көлік ұрлады деген күдіктіні ұстау барысы түсірілген.
Үстіміздегі жылдың 3 маусымында Қызылорда облысы Жааңқорған ауданының ішкі істер бөліміне Жаңақорған кентінің 31 жасар тұрығыны ВАЗ-21070 маркалы автокөлігінің ұрланғаны жөнінде шағым түсірді. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жақын маңдағы барлық полиция бекеттеріне көліктің ұрланғаны жөнінде ақпарат жолданды. Сол күні «Ынтымақ» полиция бекетінде тұрған тәртіп сақшылары Шымкент қаласындағы көшелердің бірінде мемлекеттік нөмірсіз жүрген ВАЗ-21070 автокөлігін көзі шалады. Дегенмен, олардың тоқта деген белгісіне қарамастан көлік иесі одан әрі құйғыта жөнеледі. Көлікті тоқтатқаннан кейін жүргізушінің қалтасынан ешқандай құжат табыла қойған жоқ.
Нәтижесінде көлік ұрлаған азаматтың 1989 жылы дүниеге келген азамат екені анықталды. Күдікті сол күні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы ішкі істер мамандарына табыс етілді.