Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық кәсіпкердің тігін шеберханасы

Қызылордалық кәсіпкер Айгүл Оңғарбаева қолөнер бизнесімен 20 жылдан бері айналысады. Бастапқыда ол тоқыма-тігін бұйымдарына тапсырысты үйде қабылдайтын. Сұраныс артып, алушылар көбейген соң сауда үйінен дүкен ашып, 6 адамды жұмысқа алды.
«Оңғарбаева» ЖК аз уақыт ішінде сапалы етіп жасап беретін перде, жалюзи, ролл-перделер мен киім-кешек, үйге арналған өзге де тоқыма бұйымдары қала мен облыс жұртшылығы арасында тез танымал болды.
2017 жылы бизнесін кеңейту керек болған кезде Айгүл «Цеснабанк» АҚ арқылы «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша құрал-жабдық сатып алу және айналым қаражатын толықтыруға 6 пайыздық несие алған. Соңғы жылдары тоқыма бұйымдарына, атап айтқанда перделерге сұраныс артуына байланысты кәсіпкер тағы да қаржы алып, жаңа сауда орнын ашуды жоспарлады. Ол үшін өз бетінше үй-жай сатып алғанмен, сапалы жөндеуге, құрал-жабдықтарға және айналым қаражатын толықтыруға қосымша қаржы керек болды.
Бұл жолы «Қарапайым заттар экономикасы» атты жаңа бағдарламаны естіп, «First Heartland Jуѕап Bank» АҚ-ға өтініш берді. Жусан банк пен «Даму» Қорының қолдауымен Айгүл Оңғарбаева тағы да 6%-дық несиеге қол жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: