Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

АРАЛДА ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫАрал жұртшылығы көңілге жақсылық пен жарқын үміт ұялатқан ізгі мерекені салтанатты түрде атап өтті.
Кеште алғаш сөз алған аудан басшысы М.Оразбаев баршаны Жаңа жылымен құттықтап, «Тарих қойнауына аттанғалы тұрған жыл - еліміз үшін айтулы жыл болды. Себебі, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейлі мерекесін атап өттік. 25 жыл ішінде біз тамыры тереңде жатқан, тарихы кенен халық екенімізді баршаға әйгілі еттік. Жылыстап бара жатқан мешін жылы еңселі еліміз бен Арал ауданы үшін өзінің толағай табысын, жаңалықтарын алып келді. Ауданында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылып бірқатар әлеуметтік сала нысандары салынып және инженерлік инфрақұрылым жаңартылды» дей келе, жыл көлемінде жеткен жетістіктерді атап өтті. Сонымен қатар, жылдың қорытындысымен әр сала бойынша «Жыл үздігі-2016» номинациясымен бірқатар аудан азаматтарын марапаттады. 
Мұнан әрі, жаңа жылдық кеш үздік аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты. Сондай-ақ, мәдениет майталмандарының тарту еткен әзілдері жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: