Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мақпалкөл ауылының тұрғыны Рауан Айманшаева - жас кәсіпкер.
"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда филиалынан мал басын көбейтуге 8 бас аналық жылқы малын сатып алу үшін 3 млн теңге несие рәсімдеп, шаруашылығын ары қарай дамытуда.
Несие шарты бойынша несие 5 жыл мерзімге 6% сыйақымен тағайындалғандығын және 3 ай демалыс кезеңі қарастырылғандығын ескертеміз.