20-21 желтоқсан аралығында Қызылорда облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшесі М.Төлепберген Этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында іссапармен келді.
🔹Іссапар Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылынан басталды. М.М. Төлепберген Цай Ден Хак атындағы мұражаймен танысып, ауылдық Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті. Сонымен қатар, «Достық жер МК» ЖШС-нің қырман жұмысымен танысып, ауылшаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті.
🔹ІІІ Интернационал ауылынан кейін депутат сапары Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылында жалғасты. Ауылдық Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.
🔹21 желтоқсан күнгі жұмыс барысын халық қалаулысы Қызылорда қаласындағы Ж. Нұрманов атындағы №198 мектеп-лицейімен танысудан бастап, Достық үйінде облыстық ішкі саясат басқармасы, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының құрылым басшылары мен этномәдени бірлестік жетекшілері, дін және БАҚ өкілдерімен кездесумен жалғастырды.
🔹Кездесуді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы М.Казбекова ашып, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыстарына тоқталып, халықтың бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.
🔹ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшесі М.М.Төлепберген жиын барысында мемлекеттік этносаясат мәселелері туралы айтып, кездесу соңында бірқатар азаматтарды Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы Алғыс хаттарымен марапаттады.