Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЕСІРТКІ ЕККЕНДЕР БАС БОСТАНДЫҚТАРЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

ЕСІРТКІ ЕККЕНДЕР БАС БОСТАНДЫҚТАРЫНАН АЙЫРЫЛДЫЖаңақорған аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296-бабының 4 бөлігімен және 300-бабының 2-бөлігінің 1, 3-тармақтарымен айыпталған сотталушылар  У. және М. -ның қылмыстық ісі қаралды.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша,  бұрын да  есірткі заттарына қатысты ауыр қылмыс үшін түрме дәмін татқан сотталушы  У. сол қылығын тағы қайталаған. Ол ағымдағы жылдың  2 мамырынан бастап, азамат М.-мен бірге Жаңақорған ауданы, Еңбек ауылынан батыс беткейінде есірткі егуге кіріскен. Сол аумақтағы «Жиде тоғай» деп аталатын аумақтағы канал жанындағы қалың өскен шеңгелдер арасында құрамында есірткі заты бар, өсіруге тыйым салынған «сора» өсімдігін екі бөлек жерге заңсыз егіп өсірген. Сонымен қатар есірткі заты болып табылатын кептірілген «марихуана» өсімдігін өздерінде сақтаған.
Нәтижесінде сотталушы  У. ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен және 300-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен кінәлі деп танылды. Ол  5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталды. Ал екінші сотталушы  М. ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі 1-3 тармағымен кінәлі деп танылып 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотталды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: