Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАЛАҒАШТА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ЖАЛАҒАШТА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІБүгін Жалағаш ауданында «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы болып өтті.
Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген балалардың өмір сүру сапасын іске асыру мақсатында ауданымызда биылғы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылуда. Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте ұйымдастырылған акцияның мақсаты аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік қорғалмаған отбасыларының балаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған балалардың санаттарына қолдау көрсетіп, жаңа оқу жылына арналаған мектеп киім үлгісімен, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасау болып табылады. 
Акцияның жүзеге асыруда өзінің көмегін аямай балалардың мектепке баруына қажетті жағдай туғызып, қаржылай көмек ұйымдастырған аудан әкімдігі, мекеме және бөлім басшылары мен ауданымыздың кәсіпкерлерінің үлесі зор. Шара барысында қажет ететін оқушыларға мектеп құралдары, киімнен көмек көрсетілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: