Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ӨРЛЕУ» ЖОБАСЫ ӨРКЕНДЕП ТҰР

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ӨРЛЕУ» ЖОБАСЫ ӨРКЕНДЕП ТҰРКірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу мақсатында «Өрлеу» шартты ақшалай көмек көрсету пилоттық жобасы барлық аудандар мен Қызылорда қаласында жүзеге асырылуда. Бұл жайында Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.
Оған бюджеттен 37 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні ол бойынша 839 адамға 26 млн. теңгесі тағайындалған.
Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Марат Делмұханов мәлімдеді.
Аталған шартты ақшалай көмекті алушылардың ішінде еңбекке жарамды 184 жұмыссыз азаматтың 53 пайызы, яғни 98 адамы тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, қалған 7 адам әлеуметтік жұмысқа, 79 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды. Аталған жобаның іске асырылуының арқасында көмек алған отбасылардың жан басына шаққандағы табыстары 2 есеге ұлғайған.
Жалпы жыл басынан бері жергілікті бюджеттен 61 мыңнан астам аз қамтамасыз етілген азаматтарға 800 млн. теңгеге жуық әлеуметтік көмектер мен балалар жәрдемақысы төленген.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: