Былтыр Қызылордада VIP санатындағы 674 мемлекеттік нөмір рәсімделді
Былтыр VIP санатындағы мемлекеттік нөмірлерге де көптеп тапсырыс түскен. Бұл жөнінде Қызылорда облысындағы Халыққа көрсету орталығының басшысы Аида Әбибуллаева хабарлады.
Осы санаттағы 674 мемлекеттік нөмір рәсімделіп, нәтижесінде қазынаға 179 млн 411 мың теңге табыс түскен. Бөлім мамандарының айтуынша облыс тұрғындары VIP нөмірлер ішінде 077, 707 және 070 нөмірлеріне көп тапсырыс берген.
«Қызылорда облысындағы Халыққа көрсету орталығының мамандандырылған бөлімінде өткен жылы 36 мың 98 көлік құжаттары рәсімделген. Қазіргі таңда азаматтар көлік сатып алу және сату кезінде көбіне kaspi.kz қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметке тапсырыс береді. Өткен жылы аталған банк қосымшасымен 20 мың 243 көлік құжаттары әзірленген.
Мамандандырылған бөлімде 2022 жылы 2 мың 300 адам көлік жүргізу куәлігін алған. Айта кету керек, алғаш рет куәлік алушылар бөлімде алдымен теориялық етихан тапсырып, одан өткен жағдайда ғана практикалық сынаққа жіберіледі», - деді А.Әбибуллаева.