Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Арал балығы Германияға экспортқа шығарылды

Арал ауданында  жылдық қуаттылығы 23 900 тоннадан асатын 9 балық өңдеу зауыттары жұмыс істейді. Оның 5-еуі балықты тереңінен өңдейтін болса, қалған 4-еуі балықты қатыру, мұздату және ыстау сияқты өңдеумен айналысады. 
Қазіргі таңда, Арал ауданы Қосжар елді мекенінде орналасқан «Қамыстыбас балық питомнигі» РМКҚ арқылы жылына 14,8 млн дана майда бір жылғы шабақтар және  420 мың екі жылғы шабақтар Кіші Арал теңізіне және көлдер жүйесіне жіберіліп өсірілуде. 
Өткен жылы    6 214 тонна балық ауланса,  ал өңделгені  5 388 тоннаны құрады.
Оның ішінде, 2 159 тоннасы Ресей, Қытай, Германия, Польша, Грузия мемлекеттеріне экспортқа шығарылды. Сонымен қатар, Кіші Арал теңізіндегі балық қорын сақтап қалу мақсатында Аралды құтқару қоры арқылы «Көкарал» су тоспасына гидроакустикалық құрылғы орнатылды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: