Қызылорда облысы білім басқармасының «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығы, қосымша білім беру бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес № 282 мектеп-лицейі базасында ««БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ ТҰҒЫРЫ» тақырыбында білім беру ұйымдарының оқу, ғылыми -әдістемелік , бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарлар, мектепке дейінгі білім беру ұйымының меңгерушілері, әдіскерлеріне арналған облыстық семинар өтті.
Іс-шараға аталмыш білім беру ұйымдарынан 130 педагог қатысты. Тәжірибе алаңын ұйымдастырудағы мақсаты - ұлттық және рухани-адамгершілік, жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеудің жаңа бағдарламалары мен жобаларын, пәндерге интеграциялаудағы сапалы білім алу тәсілдемелерін ұсыну, тәжірибе алмасу.
Бағдарлама мазмұнына сай шығармашылық-әдістемелік көрмелер, фольклорлық ансамбльдің орындауында қазақ күйлерінің топтамасы, «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» ұлттық көрмесі және «Адал еңбек, адал табыс – жарқын болашақ» жұмысшы мамандықтар көрмесі таныстырылымы болды. Іс-шара барысында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" шарасы аясында ұлттық ойындар, түлектермен ағаш егу рәсімі болды.
Пленарлық отырыста тәжірибе алаңының кіріспе сөзі Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының директоры Ф.Досаевқа беріліп, іс-шараға қатысушыларға сәттілік тіледі.
"Құндылықтарға негізделген сабақ: қазіргі заманғы тәсілдер мен технологиялар" айдары бойынша гуманитарлық, жаратылыстану, бастауыш пәндері бойынша құндылықтарды интеграциялау бойынша шеберлік сыныптары, панорамалық сабақтар және практикалық жұмыстар жүргізілді.
Тәжірибе алмасуға келген мамандар өз салалары бойынша қысқа мерзімді жоспарлар құрып, іс-тәжірибе алмасты.
Семинарға қатысушылар өз кезегінде жылы лебіздері мен алғыстарын айта отырып, шеберлік сыныптарына кері байланыс берді. Іс-шара соңы марапаттау рәсімімімен және салтанатты мерекелік бағдарламамен жалғасын тапты. Барлық қатысушыларға сертификат табысталды.