ҚАЗАҚСТАНДА 243 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЙНАЛЫМЫНА ӘЛІ ЕНГІЗІЛГЕН ЖОҚ – А.МЫРЗАХМЕТОВ
Қазақстанда 243 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері ауыл шаруашылығы айналымында пайдаланылмайды, деп мәлімдеді жер реформасы бойынша Комиссияның алғашқы отырысында ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми сайтында хабарланды.
«Өңдеуге жарамды 243 мың гектар жер әлі де пайдаланылмай жатыр. Жерді запастан шығару динамикасы өте әлсіз. Он жыл бұрын бізде запаста 108 млн гектар болды, олардың тек 8 млн-ы ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді. Яғни, жыл сайын орта есеппен алғанда 0,8%-дан», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысы.
«2011 жылы шетелдіктердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындарға тиым салынды. Егер бұрын шетелдік капиталдың қатысуы ескерілмесе, 2011 жылы оған тиым салынды. Енді егер қазақстандық тең құрылтайшының қатысу үлесі 50%-дан асса, мұндай бірлескен кәсіпорын жалға ала алады. 25 жылға шетелдіктерге жалға беру бойынша норма кеше пайда болған жоқ. Бұл норма 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Яғни, бұл норма бір жарым жыл бойы әрекет етіп келеді. Бірақ, соған қарамастан Ауыл шаруашылығы министрлігіне де, Ұлттық экономика министрлігіне де жалға алуға ниет білдіргендерден бір де бір құжат келіп түскен жоқ», - деп атап өтті ол.
Министрдің мәліметінше, соңғы есеп көрсеткендей, 7,3 млн гектар жер бүгінде пайдаланылмай жатыр, оның ішінде 1,6 млн гектар егіс алқаптары.