Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалы ауданының әкімі жеке қабылдау өткізді

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. 


Жеке қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады. 
Қабылдауға келгендердің дені жұмыссыздық мәселесін алға тартып, тұрақты жұмысқа орналастыру мәселесімен жүгінді. Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді. Сондай-ақ, мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: