Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұсталды

Сыр сақшылары халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады.
2 тамызда Қызылорда облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда облысының тұрғынын құрықтады.
Ол ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігімен (Қарақшылық) бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда. Ұсталған күдікті азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер күдіктіні Қызылорда қаласының орталығында ұстаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: