Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫ БЕС КҮННЕН КЕЙІН ТАБЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫ БЕС КҮННЕН КЕЙІН ТАБЫЛДЫ

 

2016 жылдың желтоқсан айының 9-ы күні Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Қызылорда қаласының бір топ тұрғындарынан арыз келіп түсті.  Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар депарментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Атап айтқанда, Н.Югай, С.Мясникова, И.Яковлева және Ж.Махмутованың хабарлауынша, жұбайлары 4 адам болып желтоқсан айының 5-і күні Телікөл көліне балық аулауға Жезқазған тас жолы бағытына қарай шыққан. Арада төрт күн өткенмен өз отбасыларына ешбір хабар бермеген екен. 
Осыған байланысты «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының» құтқарушылары жоғары жүргішті техникамен (ТРЭКОЛ) 9 желтоқсан күні 12 сағат 20 минутта іздестіру құтқару жұмыстарына шықты.
Қызылорда-Жезқазған тас жолының 175 шақырымына 16 сағат 00 минутта жетіп, тас жолдан 16 шақырымда Сарысу өзені және Телікөл көлінің аумағын іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздестіру жұмыстары нәтиже берген жоқ. 
10 желтоқсан күні жасақ құтқарушылары жер серіктік телефон «Иридиум» арқылы базамен хабарласып, жоғалған 4 адамның 2-еуі табылып, Қызылорда қаласына жолай автокөлікпен жеткені жөнінде хабар алды. Құтқарушылар іздестіру құтқару жұмыстарын жалғастырып, жоғалған 1982  жылы дүниеге келген М.Жүнісов және 1979 жылы дүниеге келген В.Яковлев осы күні 22 сағат 14 минутта Ақтау тайының маңында «Даут» атты жерде Мицубици Паджеро маркалы автокөлігімен табылды. Медициналық көмек қажет болмады және жағдайлары жақсы. Зардап шегушілердің автокөлігінің жанармайы таусылып, тұманда адасқаны анықталды. Автокөлікке жанармай құйып, жоғалған балықшылар Қызылорда қаласына жеткізілді.   

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: