Биыл жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында аудандық бюджет есебінен «Самара-Шымкент-Сексеуіл» бағытындағы автомобиль жолын жөндеуге 142 млн 216 мың теңге қаржы бөлінген болатын.
Аталмыш бағыттағы автомобиль жолының бүгінде 35-37 км аралығы толығымен аяқталып, 0-3 км аралығының жөндеу жұмыстары 50 пайызға атқарылды. Жол жөндеу жұмыстарының мердігері - «Қазалы Жолшы» ЖШС.
Бұған қоса, «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығының кіре беріс 1,873 км автомобиль жолын орташа жөндеуден өткізуге аудан бюджетінен 38 млн 787 мың теңге бөлініп, межеленген жұмыстың 70 пайызы орындалды. Бүгінде жөндеу жұмыстарын «Нұрас и Компания» ЖШС атқаруда.