Шиелі ауданындағы "Волковгеология” "№23 геологиялық барлау экспедициясы” филиалы жас мамандардың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында өз қаржысынан төрт пәтерлі екі үй соғып берді.
Құрылыс жұмыстары былтырғы жылы басталған тұрғын үй, енді бүгін пайдалануға берілуде. Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Тұрмат Жағыпбаров ашып, жиылған қауымды мерейлі мерекелерімен құтықттап, жас мамандарға тұрғын үй пәтерлерінің кілтін табыстады. Мерекелік шара «Арман» мәдениет үйінде «Ел бақытын ұлықтаған-Елбасы» атты мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Мереке аясында облыстық филормония өнерпаздары әннен шашу шашты.