Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАЛАҒАШТА ДЗЮДОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

ЖАЛАҒАШТА ДЗЮДОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫЖалағаш кентінде дзюдодан 2001-2002 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды. Бұл жарыс Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагері, ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовты еске алуға арналған.
Турнирге республиканың тоғыз облысынан 25 команда, 300-ден астам спортшы қатысып, бақ сынауда. Турнирді аудан әкімі Т.Дүйсебаев ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы С.Мұстафаев және Мөрәлі атамыздың ұрпағы экономика ғылымдарының докторы Шәменов Атамұрат жарысқа қатысушыларға құттықтау тілектерін жеткізді. Жарыс ертең, 22 қараша күні мәресіне жетіп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: