Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ОБЛЫС ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

ОБЛЫС ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІБүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің орталығында облыстық статистика департаментінің басшысы М.Баекееева баспасөз конференциясын беріп, 2016 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылады. 
Брифинг барысында 2016 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес, Қызылорда облысының Статистика департаментінде 597 статистикалық байқаулар жүргізілді. 21 статистикалық жинақ, 190 баспасөз-хабарламасы, 385 статистикалық бюллетендер мен жедел-ақпараттар әзірленіп жарыққа шықты. Осы жылы мемлекеттік органдардың 1211 сұранысына, 121 заңды және 26 жеке тұлғаларға ресми түрде жауаптар берілді, - деп статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева мәлімдеді. 
Департамент басшысы шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында, 2016 жылдың екінші жартыжылдығында әр шаруашылық бойынша есепке алу нысандарындағы тіркеу жазбаларына ішінара тексеруді жүргізді. Нақтылау жұмыстары 76 ауылдық округіңде жүргізіліп, оның 24-інде сәйкессіздіктер анықталды. Нақтылау қорытындысына сәйкес, бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың 16-сы әкімшілік және 7-і тәртіптік жауапкершілікке тартылды деп атап өтті. 
Облысымыздың демографиялық процестерінде оң динамика байқалады. Соңғы 10 жылда халық саны 140 мың адамға көбейді және 2016 жылдың 1 маусымында 769,5 мың адамды құрады. Ағымдағы жылдың 4 айында облысымызда туу көрсеткішінің саны артып отыр. Соңғы 4 айда 6,1 мың туу және 1,5 мың өлім тіркелген. Гендерлік аспектіде 1000 әйелдерге 999 ерлерден келеді. Бүгінгі таңда облысымызда 100 тұрғынға 7 зейнеткерден келеді. Қызылордалықтардың, яғни облыс тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 7,5% көбейген. Ерлер орташа 68 жасты, ал әйелдерге келсек сәл көбірек 76 жасты құрайды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: