Қызылорданың «Қайсары» Беларусь елінің футболшыларымен келісімге келді.
Алғашқысы Артем Дилевский 25 жастағы қорғаушы. Ол жыл соңына дейін «Қайсардың» намысын қорғайды.
Артем Дилевский беларустік «Минск» командасының түлегі. Клубтық мансабында «Минск», «Лида», «Белшина» секілді клубтарда ойын көрсеткен.
Сондай-ақ, қызылордалық команда сапында 27 жастағы футболшы Сергей Бондаренко ойын көрсетеді.
Сергей беларустік «Динамо» (Минск) футбол клубының түлегі. Мансабында «Динамо» (Минск), «Берёза», «Локо Гомель», «Сморгонь» сынды командаларда доп тепкен. Алаңдағы қызметі - жартылай қорғаушы.