ЖАҚСЫҚЫЛЫШ МЕКТЕБІНДЕ «АЛТЫН БЕЛГІГЕ» 3 ҮМІТКЕР БАР
Бүгін Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов Жақсықылыш кентіндегі №19 орта мектепте болып бітіруші түлектерді алдағы армандарға қадам басуымен құттықтады.
Шара барысында аудан басшысы ата-аналармен, ұстаздарға ұрпақтар сабақтастығы жолындағы еңбектеріне алғыс білдіріп, бітіруші түлектерге сәт-сапар тіледі. Аудан басшысы өз сөзінде биылғы аудандағы түлектердің 25-сі «Алтын белгі» белгісіне, 10-ы үздік аттестатқа үміткер екендігін және оның
3 «Алтын белгі» және 1 үздік аттестатқа үміткер Жақсықылыш кентінің №19 орта мектебінен екенін атап көрсетті. Сөз соңында үміткерлерге және ауданның барлық түлектеріне сыннан сүрінбей өтуге тілек білдірді.