Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жәрмеңкеде 250 тонна өнім сатылды

Бүгін Қызылорда қаласында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі болды. Жеті аудан мен қаладағы шаруалар 250 тонна өнім әкеліп, нарық бағасынан арзан бағада сатты.
- Көктем басталғалы ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін екінші рет өткізіп отырмыз. Бастысы, табиғи таза өнім. Сондықтан сұраныс жоғары. Шаруалар өз өнімдерін еш делдалсыз саудалады. Көкөніс, жеміс-жидек, күріш, ет, балық және сүт өнімдерінің барлық түрлері әкелінді. Жәрмеңкеге кәсіпкерлер де үлес қосты. Өнімдерін өз бағаларында халыққа ұсынды, - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.
Жәрмеңке Қызылорда қаласының Астана даңғылының бойы, Көшербаев көшесі мен Амангелді көшесінің аралығында өтті. Барлық ауданға арнайы орын белгіленіп берілген. Жалпы 100-ге жуық көлікке тиелген 250 тоннадан астам өнім саудаланды. 60 тоннадан астам күріш, 8 тонна шамасында ет, 60 тоннадай картоп, 70 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек өнімдері, 5 тоннадан астам сүт өнімдері, 15 тоннадай балық өнімдері және 10 тоннаға жуық мал азықтық жем-шөп сатылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: