Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордадағы күкірт қышқылы зауытында экологиялық таза технологиялар пайдаланылады

Қызылордадағы күкірт қышқылы зауытында экологиялық таза технологиялар пайдаланыладыҚазақстанның Индустрияландыру картасына енген күкірт қышқылы зауыты еліміздегі ең ірі экологияық өндірістердің бірі болып табылады. Бұл туралы BNews.kz берген сұхбатында облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Нариман Пірім айтты.  
Н.Пірімнің айтуынша, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында ашылған күкірт қышқылы жобасы ТМД мен Батыс Еуропа елдерінде технологиялық шешімдер бойынша ең жетекші және өнімділік (жылына 500 000 тонна өнім – автор ескертп.) жағынан ең ірі өндірістердің бірі болып табылады. Құрылыстың жобалық құны 216,7 млн долларды құрады, дегенмен кеткен шығынның барлығы өз-өзін ақтап отыр. 
«Күкірт қышқылы зауытын ашу жобасы ИИДМБ бағдарламасына енгізілген, деп еске салды Нариман Пірім. – Күкірт қышқылы өндірісі үшін мұнда тек «ТеңізШеврОйл» ЖШС жеткізетін отандық шикізат қана пайдаланылады. Бұл республиканың батыс өңірінің экологиялық проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Шикізаттың сапасы технология жеткізушінің талаптарына сай келеді, бұл өз кезегінде қоршаған ортаға таралатын зиянды заттарды барынша азайтуға септігін тигізбек». 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: