СОҢҒЫ БЕС ЖЫЛДА КӨП ҚАБАТТЫ 61 ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Соңғы бес жылда қаладан 12 шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңға жуық қала тұрғыны су жаңа пәтер кілтіне ие болған. Тек былтырдың өзінде шаһарда 230 мың шаршы метр болатын 2 мың 971 пәтерлік 61 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы ел игілігіне берілді.
Бір айта кетерлігі, Қызылордада апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мәселесі толығымен шешімін тапқандығы жергілікті тұрғындарды ерекше қуантты. Сондай-ақ, Сырдария өзенінің сол жағалауынан бой көтеріп жатқан жаңа қалада құрылыс компанияларының өз қаражаты есебінен 5 қабатты 18 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүруде. Демек, болашақта қызылордалықтар да Астана тұрғындары секілді "Сол жағалауда тұрамыз" деп мақтанышпен айтып отыратын сәті жақын.