Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Тіл туралы заң талаптары түсіндірілді

Тіл туралы Заң талаптарын сақтау, аймағымызда мемлекеттік тілді насихаттау және кәсіпкерлік нысандарының көрнекі ақпараттарында, түрлі жарнамаларында қазақ тілінің бірінші кезекте қолданылуына аса мән беру баршамыздың міндетіміз болуға тиіс.
Бұл ретте, облыстық ішкі саясат басқармасы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында көрсетілген талаптардың орындалуына талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда қаласының орталық көшелері мен шағын аудандарында орналасқан 1261 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесімен, 198 нысанның көрнекі ақпараттарында кемшілік анықталды.
Осыған сәйкес, 2020 жылғы 26 тамыз күні облыстық ішкі саясат, кәсіпкерлік және туризм басқармалары, Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ облыстық филиалы, «Жас Отан» ЖҚ жанындағы «Таза тіл» ерікті жастар тобы өкілдерінен құрылған мобильді топ көрнекі ақпараттарында кемшілік анықталған Қызылорда қаласының Әйтеке би және Желтоқсан көшелерінің бойында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелеріне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бап талаптарын түсіндірді.
Түсіндіру барысында кәсіпкерлік нысан иелеріне Заңнан үзінділер, көрнекі ақпарат мәтіндерін жазудың және орналастырудың схема-үлгілері, анықтама алу және сұрақтар бойынша басқарманың байланыс телефондары мен әдістемелік көмектер көрсету үшін электронды поштасы жазылған таратпа материалдар берілді.
Бұл жұмыстар көрнекі ақпараттарында кемшілік анықталған барлық кәсіпкерлік нысандарға жүргізілетін болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: