Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІҚазалы ауданында өткен мемлекеттік қызметшілерді жаппай құқықтық оқыту семинары өтті. 
Онда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Ә.Жөлекешов Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісін қалыптастыру жөнінде хабарлама жасады. 
Семинарда Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрлері мен оның талаптары, Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және басқару тәсілдері туралы мәселелер қаралды. 
Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Еңбек кодексі жөнінде Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Б.Досымов баяндады. Жаңа кодекс Елбасы Н.Назарбаев айқындаған бес институционалдық реформадағы тапсырмаларды іске асыруға бағытталған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: