Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АМАНӨТКЕЛДЕГІ АНАЛАР МЕРЕКЕCІ

АМАНӨТКЕЛДЕГІ АНАЛАР МЕРЕКЕCІБиылғы жылы аудан әкімі Абзал Мұхимов ерекше бастама жасап Аралдың Қыр беткейі мен Сыр беткейінің аналарының басын бір ауылға біріктіріп мерекемен құттықтады. 
Естеріңізде болса, 1-наурыз күні Қырдағы аналар қауымның мерекесі Қарақұм ауылдық округінде өткен еді. Бүгін осы игі шара өз жалғасын тауып Сыр беткейді бойлай орналасқан Бекбауыл, Жетес би, Қаратерең ауылы аналарының төл мерекесі Аманөткел ауылдық округінде тойланды. Салтанатты кеште аудан әкімі Абзал Мұхимов аналарды мерекемен құттықтап, ыстық ықыласы мен ақ тілегін арнады. Сонымен қатар өз қызметін қалтқысыз атқарып еңбегімен елге құрметті болған және батыр аналарды алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ ауылдың өнерлі жастары мерекелік кештің көркін қыздыра түсті. Әрі қарай мерекелік кеш аналар құрметіне жайылған ақ дастархан басында жалғасын тапты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: